Департамент қызметкелері шығармашылық кешке қатысты.

Департамент қызметкелері шығармашылық кешке  қатысты.

«Контрафакт» республикалық акциясы аясында Қызылорда облысы Әділет департаментінің ұжымы қолөнерші, дизайнер, Қазақстан қолөнершілер Одағының мүшесі Ілиясова Қарлығаш Серікбайқызының шығармашылық кешіне қатысты. Шарада Қ.Ілиясованың қолөнер туындылары мен ұлттық нақышта әзірлеген бұйымдар легі ұсынылды. Сонымен қатар, ұлттық нақышта сәнделген заманауи киім үлгілерінен топтамалар көрсетіліп, концерттік бағдарламаға ұласты.

Іс-шарада сөз сөйлеген Әділет департаментінің басшысы И.Бакишева халқымыздың ұлттық өнерінің қадыр-қасиетін жоғалтпау біздің басты парызымыз екенін айтып, шығармашылық өкілдерін рухани және заңнамалық тұрғыда қолдауға әрқашан дайын екенін жеткізді.

Шараның мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық шараларға белсене араласуына, қазақтың ұлттық өнерін бағалап - қастерлей білуіне, жастарды әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу, өнерге баулу болып табылады.