«Әділет органдары кеңес береді» акциясы өткізілді.

«Әділет органдары кеңес береді» акциясы өткізілді.

«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының КЕАҚ» Қызылорда қаласы бойынша филиалы» ғимаратында «Әділет органдары кеңес береді» акциясы өткізілді. Іс-шараның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң кеңестерін беру болып табылады.

     Іс-шараға Әділет департаментінің бөлім басшылары, нотариустар, адвокаттар, сот орындаушылары қатысып, қала тұрғындарына олардың сұрақтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. (заңды тұлғаларды тіркеу, борышкерлер тiзiмiнен шығару, атқарушылық жазбаны жасау және оның күшін жою, мұраға құқық туралы куәлiк беру, сондай-ақ адвокат болуға және жеке сот орындаушысымен айналысуға лицензия алу туралы ). Шара барысында департамент қызметкерлері тұрғындарға жадынамалар таратты.