11 мамыр 2022 жылы Арал ауданаралық әділет басқармасы басшысының м.а. З.Айтжанова халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және халыққа тәулік бойы тегін құқықтық кеңес беру мақсатында Арал қаласының тұрғыны жеке кәсіпкер Д.Тілеутаеваны қабылдап, бала- бақшаны заңды тұлға ретінде ашу жолдарын көрсетті. Құқықтық кеңес бергені үшін Д.Тілеутаева риза болып, жұмысына сәттілік білдірді.