Қызылорда облысы Әділет органдары қызметкерлерінің арасында «ТОЛАҒАЙ» отбасылық-спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Қызылорда облысы Әділет органдары қызметкерлерінің арасында «ТОЛАҒАЙ» отбасылық-спорттық жарыс ұйымдастырылды.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  Қызылорда облысы Әділет органдары қызметкерлерінің арасында «ТОЛАҒАЙ» отбасылық-спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Спорт – денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылық-спорттық жарысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатын көздейді. Бұл біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысса, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.

Жарыс қорытындысымен бас жүлдені Әділет департаментінің "Қыран" командасы иеленді. Бірінші орынды нотариаттық палатаның "Алаш" тобы, екінші орынды адвокаттар алқасының "Жалын" тобы, үшінші орынды жеке сот орындаушылар палатасының "Бүркіт" тобы иеленді.