«Қызылорда, Жамбыл,Түркістан облыстары және Шымкнт қаласында азаматтығы жоқ тұлғаларға құқықтық көмек көрсету» Жобасы «Сана Сезім» Әйелдер Бастамаларының Ұйымдық Құқықтық Орталығы Қоғамдық Бірлестігі (ӘБҰҚО ҚБ) Босқындар ісі бойынша БҰҰ Жоғарғы комиссар Басқармасының серіктестігімен жүзеге асырылуда.
Қызылорда қаласында аймақтық «Сана Сезім» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы өкілі Э.Еникеева және заңгері С.Сағынбектің ұйымдастыруымен Қызылорда облысындағы азаматтығы жоқ адамдарды анықтау және оларға құқықтық көмек көрсету бойынша дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелге Қызылорда облысының полиция департаменті, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері, денсаулық сақтау басқармасы, сонымен қатар, қоғамдық ұйымдар мен «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық» өкілдері қатысты.
Қазақстандағы азаматтығы жоқ тұлғалар туралы бейнеролик көрсетіліп, қолда бар мәліметтерге сәйкес азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру тәртібін талқыланды, нақты атқарылған жұмыстар жөнінде ортаға салды.