Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру.

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру.

Қызылорда облысының Әділет департаменті «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 141-бабының 1-тармағына және «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №69 бұйрығына сәйкес тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өтуге өтініштерді 2021 жылдың 12 қазан айынан бастап 16 қараша айына дейін қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №52 мекен-жайы, Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылдың 24 қарашада сағат 09.00-де белгіленгенін хабарлайды.