Департамент басшысы көп бала тәрбиелеп отырған ұжымның қызметкерлерін құттықтады.

Департамент басшысы  көп бала тәрбиелеп отырған ұжымның қызметкерлерін құттықтады.

Елімізде Отбасы күні мерекесі республикамыздың мерекелер күні тізіліміне енгізіліп, ол Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі.

    Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады.Отбасы күні мерекесі қарсаңында Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы көп бала тәрбиелеп отырған ұжымның қызметкерлерін құттықтады. Отбасылық құндылықтарды, көпбалалықты насихаттау мемлекетіміздің басты мақсаты.

    Отбасында 6 бала тәрбиелеп отырған ұжымның қызметкерлері А.Оразбаеваның, 5 бала тәрбиелеп отырған Ж.Саткееваның, 4 бала тәрбиелеп отырған Е.Тажикеновтың отбасыларын құттықтап, мерекелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады.

     Сонымен қатар қызмет атқару кезінде ерекше көзге түскен Е.Тажикеновтың ата -анасы Тажикенов Ондасын мен Тажикенова Улбосын апамызға өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан ерекше үлесі үшін алғыс білдірді.

    Департамент басшысы Бәкішева Ирина Жұмабайқызы ұжым қызметкерлерінің отбасыларына шын ниетпен зор денсаулық, отбасылық бақыт және игілік тіледі.