Қызылорда облысының Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушыларымен құқықтық түсіндірме беру мақсатында жеке сот орындаушыларының арасында іс шара өткізілді.

Қызылорда облысының Әділет департаментінің мемлекеттік  сот орындаушыларымен құқықтық түсіндірме беру мақсатында жеке  сот орындаушыларының арасында іс шара өткізілді.

       

          Бүгін, Қызылорда облысының Әділет департаментінің мемлекеттік  сот орындаушыларымен құқықтық түсіндірме беру мақсатында жеке  сот орындаушыларының арасында іс шара өткізілді.  

          Шарада бүгінгі күнгі борышкерлерден алимент өндірудегі проблемалық бағыттары бойынша аталып, оның ішінде алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері қамтылды.  

          Сонымен қатар, ҚР-ның Жоғарғы Сотының «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» №12 нормативтік Қаулысының талаптары бойынша нақты түсіндірмелер беріліп, борышкерлерге қатысты  жауапкершілік мәселесін қарауға дейін алдымен қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес мәжбүрлі өндіру шараларын толық жүргізудің маңыздылығы түсіндірілді.