Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексінің талаптары талқыланды.
Бүгін Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарын насихаттап кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Вице-министрі Ахметова Ақерке Естайқызы Қызылорда облысына іссапармен келді.
Іс-шараны модератор Әділет департаментінің басшысы Ирина Жұмабайқызы Бәкішева ашты.
Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі Ақерке Естайқызы «Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексті» әзірлеу бастамасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екендігіне, сондай-ақ, жаңа әкімшілік әділет Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келетіндігіне тоқталды.
Кодекстің негізгі мақсаттары азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне нақты қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын бекіту- деді Ақерке Ахметова.
Кездесуге Қызылорда облысы бойынша сот сараптама институтының директоры, облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрайымы, жеке сот орындаушылар аумақтық палатасының төрағасы, нотариаттық палатасының төрайымы, адвокаттар алқасының төрағасы, Заңнама және құқықтық ақпарат институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда облысы бойынша филиал директорлары қатысты.
Іс-шара барысында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрайымы Мырзатаева Гулжан Жалгасбаевна жаңа кодекске сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізуде соттың белсенді рөлін атап өтіп, осындай түсіндірме жұмыстарының оң нәтижені көрсететіндігі туралы пікір білдірді.