16.04.2021 жылы Тренинг өтті.

16.04.2021 жылы Тренинг өтті.

Ағымдағы жылдың 16-сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Жанділдақызы Аяғанова Қызылорда облысының әділет департаментінің қызметшілеріне «Тайм-менеджмент – уақытты тиімді пайдалану тәсілдері» тақырыбында  тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты –қызметкерлерді жұмыс уақытын тиімді басқаруға, уақытты үнемдеуге үйрету. Тренинг барысында қатысушыларға уақытты тиімді жоспарлау бойынша практикада қолдануға арналған дағдылар беріліп, кейс шешу және қызметкерлер тарапынан пікір алмасулар болды.