Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2021 жылдың 1-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп нормаларын сақтау бағытында атқарылған іс-шаралары жайлы ақпарат

Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2021 жылдың 1-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп нормаларын сақтау бағытында атқарылған іс-шаралары жайлы ақпарат

Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2021 жылдың 1-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп нормаларын сақтау бағытында атқарылған іс-шаралары жайлы ақпарат

 

         Қызылорда облысының Әділет департаменті сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу және жолын кесу, Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша іс-шараларды жоспарлы негізде жүргізіп отыр.

           Атап айтқанда, 2021 жылға арналған әділет департаментінің және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарларына сәйкес жұмыстар атқарылды.

          Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспары да іске асырылуда.

           Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды сақтау және тәртіпті нығайту мақсатында тұрақты негізде «Nur Otan» партиясының филиалы,  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша филиалының, прокуратура органдарының өкілдерінің қатысуымен семинарлар, дәріс нысандарында шаралар және дөңгелек үстел өткізілді.

         Өткізілген іс-шараларда сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шаралары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын, шектеулерді, сондай-ақ, еңбек тәртібін сақтау мәселелері талқыланып, мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан тыс уақытта да мінез-құлық стндарттарын ұстану, қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта пайдаланбау, автокөлікті масаң күйде басқару фактілеріне жол бермеу, әлеуметтік желілерге өзіне сын келтіретін суреттер мен жарияланымдар шығармау, қызметте киім киюдің стилін ұстану, сонымен қатар, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, масаң күйде жүру фактілерін болдырмау, құқықбұзушылықтың алдын алу  қажеттігі қатаң ескертілді.

           Ағымдағы жылдың 05-ақпанында аппараттың және ауданаралық әділет басқармаларының мемлекеттік қызметшілері, аумақтық бөлімдердің аға сот орындаушылары мен сот орындаушыларының қатысуымен онлайн форматта сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды сақтау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексін бұлжытпай орындау мәселелері жайлы семинар өтті.

          11-ақпанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылық құзыретін дамыту» тақырыбында өткен семинарға «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы М.Ы.Нәлібаев және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ғ.Ұ.Әлімқұлова қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтардағы жаңашылдықтары, басшылардың дербес жауаптылықтары,  қызметшілердің сыйлықтарды алуына толық тыйым салынғандығы туралы баяндамалар жасады. Семинар барысында слайдттар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнероликтер көрсетілді.

         Ағымдағы жылдың қаңтар айында «2020 жылдың 12 айында Қызылорда облысының әділет департаментінің өтініштермен жүргізілген жұмыстарға талдау нәтижесі туралы» семинар өтті. Семинарда Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық басқармасы бөлімінің прокуроры А.С.Ниязбектің хабарламасы тыңдалды.

         Сондай-ақ, қаңтар айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері жайлы ауданаралық әділет басқармалары мен аумақтық бөлімнің сот орындаушылары арасында оқыту семинары өтті.

         Наурыз айында «Әдеп нормаларын сақтау-мемлекеттік қызметшінің міндеті» тақырыбында өткен семинарда мемлекеттік  қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат әрекеттерге жол бермеу міндеттері түсіндірілді.

         Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне теріс қарым-қатынасты қалыптастыру, жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу, жолын кесу мақсатында 31-наурызда әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл- ортақ парызымыз» атты дөңгелек үстел өтті.   

         Іс-шараға  «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы жанындағы                    сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы, облыстық маслихат депутаты М.Ы.Нәлібаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің аға  офицері А.Баймаханов, облыстық маслихат депутаты Г.Есқалиева,  Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құқықтық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Ж.Исаева, әділет органының ардагері С.Бекхожа, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының  бас маманы Т.Абаев қатысты. Ауданаралық әділет басқармалары мен аумақтық бөлімдерінің қызметкерлері ZOOM бағдарламасы арқылы қосылды.

                   Қызметкерлерге эмоциялық бағыт арқылы ықпал жасау мақсатында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда бейнероликтер ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан көрсетілді.

           Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және әдеп нормаларын сақтау мәселелері жайлы ауданаралық әділет басқармалары тарапынан семинарлар, «Ашық есік» күндері, құқықтық көмек көрсету бойынша тікелей эфирлер, жеке қабылдаулар өткізіліп, дәрістер оқылды.

 Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ашылған «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі департамент ғимаратының бірінші қабатында орналастырылған, сондай-ақ, азаматтармен жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін департамент басшысының орынбасарларының қызметтік бөлмелері де бірінші қабатта орналасқан.

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында Әділет департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің арасында «Өзара ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойылып,  осыған сәйкес ауқымды іс-шаралар атқарылып келеді.

Атап айтқанда, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі алаңында әділет департаментінің қызмет бағыттары, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету және сот актілерін орындау салалары бойынша құқықтық көмек және түсіндірме жұмыстары тікелей эфирге шығу арқылы жүргізіліп отыр.

  Кеңсе алаңында құқықтық көмек көрсету бойынша жеке қабылдаулар жүргізілуде. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдері офлайн және онлайн режимдерінде қабылдау жұмыстары жүргізіліп отыр. Барлығы 26 азамат қабылданған.

 Ағымдағы жылдың наурыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бейнеролик дайындалып, департаменттің инстаграммасы мен  Facebook желістерінде жарияланған. Сонымен қатар, бейнеролик департаменттің ғимаратындағы экранда көрсетіліп отыр.

Жобалық кеңсесі алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стенд жасақталған. Барлық қызметкерлердің қызметтік бөлмелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жайлы ақпараттар ілінген.

 Облыс тұрғындары Әділет органдарына қатысты ұсыныс-пікірлер, шағымдармен аптаның дүйсенбі-жұма күндері әділет департаментіне хабарласуға болатындығы жөнінде «Antikor Kyzylorda» «Facebook»  әлеуметтік желісіне жарияланған.

Сондай-ақ, департаменттің қызметшілері және сот орындаушыларымен «Халық заңгері» науқаны мен «Адал көмек» жобасы аясында ANTIKOR.LIVE жобасы арқылы онлайн режимінде азаматтарға құқықтық көмектер көрсетілді. Барлығы 5 мемлекеттік қызметшімен тікелей эфир арқылы құқықтық түсіндірме жүргізілген.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп нормаларын сақтау   мәселелері ағымдағы жылдың 05 ақпанында өткен алқа мәжілісінде қаралды. Сондай-ақ, аталған мәселелер аппараттық мәжілістердің күн тәртібіне тұрақты негізде қойылған.

  Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мінез-құлық қағидаттарын ұстануға және әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық жұмыстар да жүргізілді. Барлығы жыл басынан бері 5 мемлекеттік қызметшіге жеке консультативтік көмек көрсетілді.        

Департамент басшылығымен  мамандарды қатыстыра отырып  «Nur Otan» партиясының филиалдарының ғимараттарында әділет органдарының басшыларымен қоғамдық қабылдаулар жүргізіліп, қызметкерлермен заңгерлік кеңестер берілді.  

Жалпы 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет заңының, әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша барлығы 13 семинар, 1 дөңгелек үстел, 2 дәріс оқылды, сондай-ақ, 5 мақала жарияланды, 1 бейнеролик және 1 бейнесюжет орналастырылды. 4 «Ашық есік» күні өтті. 5 мемлекеттік қызметшіге консультативтік көмек көрсетілді.

 Наурыз айында әділет департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Қызылорда облысының әділет департаментінің  «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі алаңында  атқарылған жұмыстары талқыланды.  

Ай сайын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің «Ақпараттық қызмет» жүйесінен мемлекеттік қызметшілер тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзу, мас күйінде автокөлікті басқару деректері бойынша мәліметтер алынып отыр. 2021 жылдың 3 айында мас күйінде автокөлікті басқару фактілері анықталған жоқ.   

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша атқарылған іс-шаралар әлеуметтік желілерде жарияланып, сайтқа шығарылып отыр.  

2021 жылдың 1-тоқсанында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау және әдеп нормаларын бұзу, мемлекеттік қызметке кір келтіру фактілері орын алмаған.