Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2021 жылдың 1-тоқсанында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында атқарылған іс-шаралары жайлы ақпарат

Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2021 жылдың 1-тоқсанында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында атқарылған   іс-шаралары жайлы ақпарат

Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2021 жылдың 1-тоқсанында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында атқарылған   іс-шаралары жайлы ақпарат

 

 Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ашылған «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі департамент ғимаратының бірінші қабатында орналастырылған, сондай-ақ, азаматтармен жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін департамент басшысының орынбасарларының қызметтік бөлмелері де бірінші қабатта орналасқан.

««Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында Әділет департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің арасында «Өзара ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойылып,  осыған сәйкес ауқымды іс-шаралар атқарылып келеді.

Атап айтқанда, жобалық кеңсе алаңында әділет департаментінің қызмет бағыттары, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету және сот актілерін орындау салалары бойынша құқықтық көмек және түсіндірме жұмыстары тікелей эфирге шығу арқылы жүргізіліп отыр.

 Департамент басшысының орынбасарлары, аппарат қызметшілері, аумақтық бөлімнің аға сот орындаушылары мен сот сот орындаушылары және ауданаралық әділет басқармаларының қызметшілері, нотариус, адвокаттар тарапынан  халыққа онлайн режимінде құқықтық кеңестер беріліп тұрады. Жалпы, жыл басынан бері барлығы 10 тікелей эфир өткізілген.

Мәселен, ағымдағы жылы сот актілерін орындау, зияткерлік меншік құқығы саласы, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мәселелері бойынша атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы З.Ержанова, аға сот орындаушы Ж.Нағашыбай, сот орындаушы Г.Есентай,  зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы  З.Канапина, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысының м.а. Н.Арзыкулова, аудананарылқ әділет басқармаларының қызметкерлері Г.Смагулова мен Л.Жамиева тікелей эфир арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кеңсе алаңында құқықтық көмек көрсету бойынша жеке қабылдаулар жүргізілуде. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдері офлайн және онлайн режимдерінде қабылдау жұмыстары жүргізіліп отыр. Барлығы 26 азамат қабылданған.

Сонымен қатар, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі алаңында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және әдеп нормаларын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, жеке қабылдау жұмыстары жайлы семинарлар, дөңгелек үстел Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық басқармасы өкілдерінің қатысуымен өткізілді.            

         Іс-шаралар барысында қызметкерлерге эмоциялық бағыт арқылы ықпал жасау мақсатында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда бейнероликтер ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан көрсетілді.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және әдеп нормаларын сақтау мәселелері жайлы ауданаралық әділет басқармалары тарапынан семинарлар, «Ашық есік» күндері, құқықтық көмек көрсету бойынша тікелей эфирлер, жеке қабылдаулар өткізіліп, дәрістер оқылды.

Әділет департаментімен облыс бойынша нотариустар, адвокаттардың, жеке және мемлекеттік сот орындаушылар, департаменттің бөлім қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері мен заң кеңесшілерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізіліп тұрады. Ағымдағы жылдың 18-ақпанында аталмыш іс-шара өткізіліп, департаменттің қызметкерлері тарапынан құқықтық көмектер көрсетілді. Іс-шара облыстық телеарна арқылы жарықтандырылды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бейнеролик дайындалып, департаменттің инстаграммасы мен  Facebook желістерінде жарияланған. Сонымен қатар, бейнеролик департаменттің ғимаратындағы экранда көрсетіліп отыр.

Жобалық кеңсесі алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стенд жасақталған. Барлық қызметкерлердің қызметтік бөлмелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жайлы ақпараттар ілінген.

Әділет департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерде жарықтандырылып, сайтқа шығарылған.      

 Облыс тұрғындары Әділет органдарына қатысты ұсыныс-пікірлер, шағымдармен аптаның дүйсенбі-жұма күндері әділет департаментіне хабарласуға болатындығы жөнінде «Antikor Kyzylorda» «Facebook»  әлеуметтік желісіне жарияланған.

Сондай-ақ, департаменттің қызметшілері және сот орындаушыларымен «Халық заңгері» науқаны мен «Адал көмек» жобасы аясында ANTIKOR.LIVE жобасы арқылы онлайн режимінде азаматтарға құқықтық көмектер көрсетілді. Барлығы 5 мемлекеттік қызметшімен тікелей эфир арқылы құқықтық түсіндірме жүргізілді.

   Ағымдағы жылдың наурыз айында өткен әділет департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысының күн тәртібінде әділет департаментінің  «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі алаңында  атқарылған жұмыстары талқыланды. Кеңес мүшелері облыстық маслихат депутаты Г.Есқалиева және  Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құқықтық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Ж.Исаева күн тәртібіндегі мәселе бойынша пікір білдірді. Шара барысында әділет органдарының салалары бойынша халыққа құқықтық кеңестер беру жұмысын жалғастыру  бойынша ұсыныстар енгізілді.

Қызылорда облысының әділет департаментінің  «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясындағы жұмыстар жалғасын таба береді.