24.02.2021 ж. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау өткізілді.

24.02.2021 ж. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау өткізілді.

   

Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы бұйрығына сәйкес "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" жылдың әр тоқсанына 1 рет өткізіледі.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 24 ақпанында Қызылорда облысының Әділет департаменті тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау өткізіліп, 3 үміткер қатысты.