«Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары» тақырыбында семинар өткізілді

«Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары» тақырыбында  семинар өткізілді

   

       24.02.2021 жылы  Қызылорда облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке  алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының  өкілдерінің қатысуымен Қазақстан  Республикасы  Бас  Прокурорының м.а. 2020 жылғы 10 шілдесі №85 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары» тақырыбында  семинар өткізілді.

         Іс шараның мақсаты - Департаменттің әкімшілік құқық  бұзушылық туралы хаттама толтыруға лауазымды тұлғалардың  арасында  «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына» түсініктемелер беру, тәжірибе  алмасу.

       Жиын барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке  алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының  өкілдерімен жан-жақты түсіндірме  берілді.