семинар 16.02.2021

семинар 16.02.2021

       16.02.2021 жылы Қызылорда облысы Әділет департаменті мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы  арасындағы  зияткерлік меншікті қорғау және сақтау мәселелері бойынша  Қазақстан Республикасында хабардарлықты арттыру бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы жасасқан Меморандум аясында, Департаменттің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкерлерімен  тауар таңбасын тіркеу, өнертабыс, селекциялық жетістіктер, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгілерге патент алудың тәртібі туралы, бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдаланудың әкімшілік  және  қылмыстық  жауапкершілігі  туралы  ақпараттандыру  мақсатында  PIONEER сауда маркасының Қызылорда облысы бойынша сауда өкілдігінің қызметкерлеріне құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.  

      Сатуға ұсынылатын тауардың түпнұсқалық куәлігі, тауардың шығу тегін растайтын және т.с. сәйкес құжаттары болуы тиіс екенін және өзгенің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстанның заңнамасымен қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын кәсіпкерлер білуі қажет.