Қызылорда облысының әділет департаментінің кеңейтілген алқа отырысы.

Қызылорда облысының әділет департаментінің  кеңейтілген алқа отырысы.

Бүгін Қызылорда облысының әділет департаментінде өткен кеңейтілген алқа отырысында 2020 жылғы жұмыс қорытындыланып, 2021 жылдың 1-жартыжылдығына басым міндеттер айқындалды. Жалпы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мерзімдерін бұзулар орын алған жоқ.  Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен өзара қызмет және ынтымақтастық жасау туралы меморандумға қол қойылып, бірқатар бірлескен іс-шаралар өтті. Алдағы уақытта Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды, сондай-ақ, басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету жолындағы жұмыс жалғасын таба беретін болады.