Қайырымдылық акциясы өтті

Қайырымдылық акциясы өтті

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай бүгін Қызылорда облысының әділет департаментінің  ұйымдастыруымен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қайырымдылық акциясы өтті. Онда 10 баласы бар көп балалы отбасы және жағдайы төмен бір отбасына барып, балаларға тәттілер сыйлап, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Қайырымдылық жасап жатқан жандарға көмек көрсетілген отбасы мүшелері тарапынан өз алғыстарын білдірді.

 

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі