
2026 жылдың 17 шілдесінде Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының тапсырмасы негізінде жеке сот орындаушыларының қатысуымен семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында жеке сот орындаушыларының әрекеттері мен әрекетсіздігіне қатысты азаматтардың шағымдарын азайту, соттардың жеке сот орындаушыларының ұсыныстарын санкциялаудан бас тарту себептері, алимент өндіруге қатысты атқарушылық құжаттарды орындау барысында анықталған кемшіліктер және оларды болдырмау жолдары талқыланды. Сонымен қатар, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізіліп, атқарушылық іс жүргізудің сапасын арттыру, заң талаптарын бірізді қолдану және азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау бағытында нақты ұсынымдар берілді.