Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

2026 жылдың 15 шілдесінде «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен насихаттау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаментінің мамандары қаладағы халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің цифрлық көмекшісі – чат-боттың мүмкіндіктері таныстырылып, оны пайдалану тәртібі жөнінде жан-жақты түсіндірме берілді. Сонымен қатар, азаматтарға чат-бот арқылы құқықтық мәселелер бойынша жедел ақпарат алу, мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтерге қол жеткізу және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап табу мүмкіндігі түсіндірілді.