
2026 жылдың 9 шілдесінде «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаментінің мамандары мен нотариустар Сырдария ауданының Шаған ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында азаматтарға қолданыстағы заңнамадағы жаңашылдықтар мен құқықтық саладағы өзекті мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, цифрлық сервистердің мүмкіндіктері және облыс аумағында жұмыс істейтін «Құқық кабинеттерінің» қызметі туралы ақпарат ұсынылды. Кездесу аясында жаңа Конституцияның негізгі нормалары мен олардың қоғам өміріндегі маңызы түсіндіріліп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты кеңестер берілді. Бұдан бөлек, Әділет департаменті көрсететін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігі жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Кездесу барысында азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес толық әрі нақты жауаптар берілді.