Ұлттық домбыра күніне орай Қызылорда облысы Әділет департаментінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды

Ұлттық домбыра күніне орай Қызылорда облысы Әділет департаментінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды

2026 жылдың 3 шілдесінде Ұлттық домбыра күніне орай Қызылорда облысы Әділет департаментінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында жас өнерпаз Алиева Инабат қазақтың қасиетті қара домбырасымен күй орындап, жиналған көпшілікке ұлттық өнердің әсемдігін паш етті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Ұлттық домбыра күнінің маңызын кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақтың күй өнеріне деген құрметті арттыру және ұлттық мерекені кең көлемде атап өту болып табылады.