
Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Б. Әлмештің қатысуымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұйымдастырған «Зияткерлік меншік және спорт: стартқа, назар, инновациялар» тақырыбындағы фитнеспен айналысуға арналған спорттық киім дизайны бойынша республикалық конкурстың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау іс-шарасы өткізілді. Конкурс қорытындысына сәйкес, Қызылорда қаласындағы Абылай хан атындағы жоғары колледждің студенті Әділбекова Ақниет Шыңғысқызы «Көрермендер таңдауы» номинациясының жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің дипломымен және арнайы сыйлығымен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаздың жетекшісі Абдуллаева Жансая Абдуллақызына кәсіби еңбегі үшін департамент басшысының алғыс хаты табысталды.