Қала тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді

Қала тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді

2026 жылдың 30 маусымында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары қала тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық үнпарақтар таратылып, тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптары, тегін заң көмегін алу мүмкіндіктері және құқықтық мәселелер бойынша қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.