
2026 жылдың 30 маусымында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау аясында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары қалалық Жастар орталығында жастармен кездесу ұйымдастырды. Ашық форматта өткен іс-шара барысында қатысушыларға мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін алу тәртібі, цифрлық кеңесші чат-боттың мүмкіндіктері, «Тараптар кабинеті» ақпараттық сервисін пайдалану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, жастар арасында лудоманияның алдын алу, құмар ойындардың зиянды салдары және құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы жөнінде кеңінен ақпарат берілді.