
2026 жылдың 30 маусымда Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары М. Французова мен Г. Досмағанбетованың қатысуымен жекеше нотариустарға арналған ZOOM платформасы арқылы онлайн форматтағы семинар-кеңес өткізілді. Іс-шара барысында нотариат саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, атқарушылық жазбаларды жасау тәртібі, жекеше нотариустардың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы міндеттері, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №31 бұйрығымен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ апостиль қою рәсімінің өзекті мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер ұсынылды.