Департаменттің жас мемлекеттік қызметшілері А.Тажемуратов пен С.Тұңғышбай мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады

Департаменттің жас мемлекеттік қызметшілері А.Тажемуратов пен С.Тұңғышбай мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады

2026 жылдың 23 маусымында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қызылорда облысы Әділет департаментінде салтанатты іс-шара өткізілді. Мерекелік жиында Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Б.Әлмеш қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызмет саласындағы еңбектеріне табыс, жауапты қызметтеріне сәттілік пен жаңа жетістіктер тіледі. Іс-шара барысында департаменттің жас мемлекеттік қызметшілері А.Тажемуратов пен С.Тұңғышбай мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен орындап, адал еңбегімен ерекшеленген қызметкерлердің ата-аналарына ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегі мен қолдауы үшін арнайы Алғыс хаттар табысталды.