
2026 жылдың 22 маусымында Қызылорда облысы Әділет департаментінің Қармақшы ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы Жанат Кенжебаевна Баекеева Байқоңыр қаласында тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Байқоңыр қалалық бөлімінде және Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Байқоңыр қаласы Мансап орталығы» филиалында азаматтарға «Робот сот орындаушысының қызметі» туралы арнайы ақпараттық үнпарақтар таратылды. Түсіндіру барысында тұрғындарға робот сот орындаушысының артықшылықтары, оның атқарушылық құжаттарды жедел әрі тиімді орындаудағы рөлі, сондай-ақ азаматтардың уақытын үнемдеуге және қосымша шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін тетіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Аталған шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, цифрлық технологияларды қолдану арқылы атқарушылық іс жүргізу саласындағы жаңашылдықтарды кеңінен насихаттауға бағытталды.