«Тәлімгерлер кеңесінің» кезекті отырысы өтті.

«Тәлімгерлер кеңесінің» кезекті отырысы өтті.

2026 жылдың 19 маусымда Қызылорда қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Тәлімгерлер кеңесінің» кезекті отырысы өтті. Іс-шараға өңірдің жас мемлекеттік қызметшілері мен көпжылдық тәжірибесі бар ардагер мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің құндылықтарын дәріптеу, кәсіби тәжірибе алмасу, жас мамандардың біліктілігін арттыру және мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Шара аясында тәлімгерлер жастармен өздерінің еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, адалдық, жауапкершілік және кәсібилік қағидаттарының маңыздылығына тоқталды.