
2026 жылдың 18 маусымда Әкелер күніне орай «Анаға тағзым» орталығының ұйымдастыруымен «Адырна» бенефис-шоуы өткізілді. Аталған тағылымды шараға Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары қатысты. Іс-шара барысында әке мен бала арасындағы сыйластық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың маңызы, отбасының қоғамдағы орны мен рухани құндылықтары кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, өнер мен тәрбиені ұштастырған мазмұнды бағдарлама көрермендерге ерекше әсер сыйлап, отбасы бірлігі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Шара қатысушылары өнегелі әкелердің өмір жолына, өнері мен болмысына куә болып, отбасы тәрбиесіндегі әкенің айрықша рөлі туралы тағылымды ойлармен бөлісті.