«Әділет кеңес береді» Ашық есік күні акциясы өткізілді

«Әділет кеңес береді» Ашық есік күні акциясы өткізілді

2026 жылғы 16 маусымда Қызылорда облысы Әділет департаментінде «Қоғамдағы заң мен тәртіп» тұжырымдамасын кеңінен насихаттау мақсатында «Әділет кеңес береді» Ашық есік күні акциясы өткізілді. Шара барысында департаменттің сала мамандары, нотариустар мен адвокаттар азаматтарды қабылдап, көкейтесті сауалдарына жауап берді. Қатысушыларға заңнама нормалары түсіндіріліп, құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін іске асыру мәселелері бойынша кеңестер ұсынылды. Іс-шара барысында заманауи цифрлық қызмет түрлері таныстырылып, жасанды интеллект негізінде әзірленген чат-боттың қызметі көрсетілді. Сондай-ақ азаматтарға «Тараптар кабинеті» ақпараттық жүйесі мен робот сот орындаушысының жұмыс жасау ерекшеліктері түсіндіріліп, оларды пайдалану тәртібі жөнінде толық мәлімет берілді.