
2026 жылдың 10 маусымда «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары, адвокат, нотариустар Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай ауылында халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында азаматтарға заңнамадағы өзекті өзгерістер мен құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік және цифрлық қызметтерді пайдалану тәртібі туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ тұрғындарға құқықтық кеңестер ұсынылып, жеке қабылдау ұйымдастырылды. Азаматтардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты жауаптар берілді.