
2026 жылғы 3 маусымда Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұзақбай Оразгелдіұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ іскерлік әдеп пен мінез-құлық қағидаларын сақтау» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясы барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамда адалдық қағидаттарын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, спикер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтауы және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне кеңінен тоқталды. Іс-шара соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қойған сұрақтарына толық әрі жан-жақты жауап беріліп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер ұсынылды.