«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында веломарафон өтті.

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында веломарафон өтті.

2026 жылдың 30 мамырында Қызылорда облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында веломарафон өтті. Аталған спорттық шараға мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты. Марафон барысында қатысушылар 52 шақырым қашықтықты еңсеріп, өздерінің төзімділігі мен спортқа деген қызығушылығын көрсетті. Іс-шараға Қызылорда облысы Әділет департаментінің қызметкерлері де белсенді қатысып, жоғары белсенділігі мен қажыр-қайраты үшін арнайы марапаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Веломарафон қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын дәріптеумен қатар, бұқаралық спортты дамытуға және азаматтардың денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.