Ұ.Оразгелдіұлының қатысуымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесу өтті

Ұ.Оразгелдіұлының қатысуымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесу өтті

2026 жылдың 29 мамырында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Ұ.Оразгелдіұлының қатысуымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында департаменттің негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, әділет органдарының атқаратын жұмыстары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру мәселелері түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында пікір алмасу жүргізілді.