«Қазгермұнай БК» ЖШС қызметкерлерімен құқықтық түсіндіру кездесуі өткізілді

«Қазгермұнай БК» ЖШС қызметкерлерімен құқықтық түсіндіру кездесуі өткізілді

2026 жылдың 29 мамырында «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Қазгермұнай БК» ЖШС қызметкерлерімен құқықтық түсіндіру кездесуі өткізілді. Іс-шараға департаменттің сала мамандары мен адвокат қатысып, қатысушыларға заңнамадағы өзекті өзгерістер мен конституциялық реформалардың мән-маңызы жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған тетіктер, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашыл бастамалар, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайту мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, шара аясында қатысушылармен ашық форматта пікір алмасу ұйымдастырылып, қойылған сауалдарға заң талаптарына сәйкес нақты әрі жан-жақты жауаптар берілді. Кездесу барысында құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы айтылып, конституциялық реформалардың елдің тұрақты дамуы мен қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі ерекше атап өтті.