2026 жылдың 28 мамырында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Ұ.Оразгелдіұлының төрағалығымен мемлекеттік сот орындаушыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Семинар барысында атқарушылық іс жүргізу саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, сот актілерінің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар сараланды. Сонымен қатар, мемлекеттік сот орындаушыларының қызмет тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ заңнама талаптарын бірізді қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу барысында сала мамандары тарапынан тәжірибелік ұсыныстар айтылып, туындаған мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді. Семинар қорытындысында алдағы міндеттер айқындалып, атқарушылық құжаттарды орындау сапасын жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.