
2026 жылдың 22 мамырында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында департаменттің сала мамандары мен адвокаттардың қатысуымен «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығының қызмет алушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға заңнамадағы өзгерістер, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жан-жақты құқықтық түсіндірмелер берілді.
Кездесу барысында орталық қызмет алушылары өздерін толғандырған құқықтық сұрақтарын қойып, нақты мәселелер бойынша сала мамандары мен адвокаттардан заң аясында кеңестер алды. Сонымен қатар, азаматтарға құқықтық көмекті алу тетіктері түсіндіріліп, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға толыққанды жауаптар берілді.