Нағи Ілиясов ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

Нағи Ілиясов ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

2026 жылдың 20 мамырында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары мен нотариустар Нағи Ілиясов ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Жаңа Конституцияның негізгі нормалары, қолданыстағы заңнама талаптары және цифрлық сервистерді пайдалану мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, тұрғындарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, азаматтардың құқықтық сұрақтарына заң талаптарына сәйкес нақты түсіндірмелер берілді.