«Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қызылорда облысы Әділет департаменті мамандарының қатысуымен құқықтық бағыттағы кездесу ұйымдастырылды

«Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қызылорда облысы Әділет департаменті мамандарының қатысуымен құқықтық бағыттағы кездесу ұйымдастырылды

2026 жылдың 19 мамырында «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қызылорда облысы Әділет департаменті мамандарының қатысуымен құқықтық бағыттағы кездесу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, олардың заңды білу деңгейін арттыру және балаларға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндіру болды. Кездесу барысында сала мамандары тәрбиеленушілерге өз құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат беріп, құқықтық сауаттылықтың қоғамдағы маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде айтылып, құқық саласындағы цифрлық сервистердің тиімділігі таныстырылды. Атап айтқанда, чат-бот қызметі, «Тараптар кабинеті» жүйесі және робот-сот орындаушысының жұмыс тәртібі түсіндіріліп, олардың азаматтарға қолайлы мүмкіндіктері көрсетілді.