Абылай атындағы жоғары колледж студенттерімен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Абылай атындағы жоғары колледж студенттерімен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

2026 жылдың 18 мамырында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары Абылай атындағы жоғары колледж студенттерімен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы жаңа нормалардың маңызы, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттерге Конституцияның ел дамуы мен құқықтық мемлекет құрудағы рөлі туралы ақпарат беріліп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар ұсынылды.