«Отбасы – ұлт тәрбиесінің алтын ұясы» атты мерекелік шара өткізілді.

«Отбасы – ұлт тәрбиесінің алтын ұясы» атты мерекелік шара өткізілді.

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Отбасы орталығы мен Қызылорда облысы Әділет департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Отбасы – ұлт тәрбиесінің алтын ұясы» атты мерекелік шара өткізілді. Кеш аясында алтын той иелеріне құрмет көрсетіліп, жас жұбайлардың некелері салтанатты түрде тіркелді. Сондай-ақ, дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына туу туралы куәліктер салтанатты түрде табысталды.