
2026 жылдың 12 мамырында «AMANAT» партиясының қалалық филиалында «Тұрғындар Аманаты» семинар-форумының панельді отырысында Қызылорда облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Е.Тажикенов пәтер иелерінің кооперативтері өкілдеріне, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін Әділет органында мемлекеттік қайта тіркеу мәселесі бойынша түсіндірме берді.