Атқарушылық іс жүргізу аясында анықталған мүліктерді бағалау және оларды сауда-саттыққа шығару тәртібін түсіндіру мақсатында бағалаушылармен семинар ұйымдастырылды.

Атқарушылық іс жүргізу аясында анықталған мүліктерді бағалау және оларды сауда-саттыққа шығару тәртібін түсіндіру мақсатында бағалаушылармен семинар ұйымдастырылды.

2026 жылдың 12 мамырында Қызылорда облысы Әділет департаменті ғимаратында атқарушылық іс жүргізу аясында анықталған мүліктерді бағалау және оларды сауда-саттыққа шығару тәртібін түсіндіру мақсатында бағалаушылармен семинар ұйымдастырылды.
Шара барысында мүліктерді бағалау жұмыстарының заң талаптарына сәйкес жүргізілуі, бағалау қорытындыларының сапасы мен мерзімі, сондай-ақ мүліктерді электрондық сауда алаңдары арқылы өткізу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, атқарушылық өндіріс шеңберіндегі өзара іс-қимылды жетілдіру және туындайтын мәселелерді бірлесіп шешу бағытында пікір алмасу жүргізілді.