
2026 жылдың 17 сәуірінде «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Қызылорда облысы Әділет департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірлесіп азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдау барысында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары және адвокаттар мен нотариустар тұрғындарға құқықтық кеңес беріп, олардың сауалдарына жан-жақты жауап ұсынды және тиісті құқықтық көмек көрсетті.