Кездесу өтті

Кездесу өтті

2026 жылдың 17 сәуірінде Қызылорда облысының Әділет департаменті «Антиконтрафакт» республикалық акциясы аясында «Ашық» көпсалалы жоғары колледжі» студенттерінің қатысуымен кездесу өткізді.
Шара барысында «Зияткерлікменшік және спорт: стартқа, назар, инновациялар» тақырыбындағы фитнеспен айналысуға арналған спорттық киім дизайны конкурсын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Жаңа Конституция жобасында зияткерлік меншік объектілері заң жүзінде қорғалатындығы туралы түсіндірме айтылып, авторлық және сабақтас құқықтар, ұжымдық құқықтарды басқару мәселелері бойынша кеңестер берілді.