
2026 жылдың 15 сәуірінде «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау аясында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары мен нотариустардың қатысуымен Сырдария ауданына қарасты Бесарық аулының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарына түрлі құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптары мен Жаңа Конституцияның нормалары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша сала мамандарымен жеке қабылдау жұмыстары жүргізіліп, сұрақтарына заң талаптарына сәйкес нақты жауаптар ұсынылды. Қазіргі таңда белен алған қаржылық алаяқтық мәселелері жайлы да сөз қозғалып, сақтану жолдары, қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру жайлы түсіндірілді.
Іс-шара барысында «Құқық кабинетінің» жұмысы мен мекен-жайы туралы, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін цифрлық көмекші – чат-боттың мүмкіндіктері таныстырылып, оны пайдалану жолдары тұрғындарға егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар құқықтық хабардарлық деңгейін анықтау мақсатында тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді.
Кездесудің соңында мамандар «Бесарық» ауылы әкімінің аппаратында орналасқан құқық кабинетінің жұмыс барысымен танысты