
2026 жылдың 9 сәуірінде «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Қызылорда облысы Әділет департаменті мен қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық IT жоғары колледжінің студенттерімен ашық пікір форматында кездесу өтті.
Іс-шара барысында сала мамандары Әділет органдарының негізгі қызмет бағыттарына жан-жақты тоқталып, қолданыстағы заңнама аясында құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, адалдық пен заңға құрмет қағидаттары насихатталды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті мамандар тарапынан нақты әрі мазмұнды жауаптар мен практикалық кеңестер алды.
Шара соңында жасанды интеллектке негізделген чат-бот қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылып, оны тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ «Тараптар кабинеті» цифрлық жүйесі таныстырылып, оның қолжетімділігі, өзектілігі мен тиімділігі ерекше атап өтілді.