
2026 жылдың 8 сәуірінде сот актісіне сәйкес мемлекеттік сот орындаушысы тарапынан мемлекет пайдасына тәркіленген мүліктерді жою жұмыстары жүргізілді. Аталған шара Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі жанынан құрылған арнайы комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылды.
Комиссияның қорытындысына сәйкес, пайдалануға жарамсыз деп танылған мүліктер белгіленген тәртіппен жойылып, тиісті рәсімдер толық сақталды. Бұл ретте барлық іс-шаралар қолданыстағы заңнама талаптарына сай ұйымдастырылып, ашықтық пен заңдылық қағидаттары қатаң қамтамасыз етілді.
Аталған жұмыстар мемлекеттік мүлікті тиімді басқару, сондай-ақ есептен шығарылған және жарамсыз активтерді уақтылы жою арқылы мемлекеттік мүддені қорғауға бағытталған.