
2026 жылдың 3 сәуірінде Қызылорда облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету» мақсатында №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Ашық есік» акциясы өткізілді. Шараға Қызылорда облысының Әділет департаменті басшының орынбасары Ұ. Оразгелдіұлы, қалалық прокуратура, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің өңірлік департаменті, облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары, облыстық жеке сот орындаушылар палатасы, №3 қалалық емхананың мамандары қатысты. Акция барысында қызмет алушыларға Әділет органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсетіліп, департаменттің бағыттары мен мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегінің тәртібі түсіндірілді. Сонымен бірге ЖИ-цифрлық көмекші (чат-бот) мүмкіндіктері таныстырылып, Тараптар кабинеті мен робот сот орындаушы жүйесінің жұмысы жөнінде ақпарат берілді. Акция барысында қызмет алушылардың сұрақтарына толыққанды жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері назарға алынды.