«Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында студенттерге арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

«Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында студенттерге арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

2026 жылғы 2 сәуірде Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінде «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында студенттерге арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында департаменттің сала мамандары құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға тегін заң көмегін алу тәртібі жөнінде кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, заманауи жаңашылдықтардың бірі – чат-бот қызметінің мүмкіндіктері таныстырылды.
Семинар аясында студенттер сыбайлас жемқорлық тақырыбына байланысты арнайы кілт сөздер арқылы өз ойларын ортаға салып, оның қоғамға тигізетін кері әсерін талқылады. Қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында сергіту сәттері, интерактивті ойындар, сондай-ақ QR-код арқылы ұйымдастырылған тапсырмалар өткізіліп, заң мен тәртіптің маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.
Шара соңында студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, қажетті құқықтық бағыт-бағдар ұсынылды.